Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық аналар алқа тағынды

Дүйсенбі күні аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы жылға 30 қыркүйектегі №241 «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы» Жарлығына сәйкес аудандағы бір топ аналарды наградтады.

– Бұған дейін ауданымызда «Алтын алқа» иеленген 574 ана, «Күміс алқа» иеленген 558 ана бар еді. Солардың қатарына бүгін сіздер қосылып отырсыздар. Сондықтан, өмірге ұрпақ әкеліп, ауданымыздың демографиялық дамуына өзіндік үлесін қосып отырған сіздерді бүгінгі марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі күннің батыр аналары атанған сіздердің өмірге әкелген балаларыңыздың дені сау, үлкен азамат болып өсіп, өздеріңіз секілді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуларына тілектеспін, - деген аудан әкімі «Алтын алқа» иегерлері Ақбаян Әденова (Миялы ауылдық округі), Айнұр Базарғалиева (Тайсойған ауылдық округі), Айсәуле Ишманова (Мұқыр ауылдық округі), «Күміс алқа» иегерлері Гүлзина Шандолова (Ойыл ауылдық округі), Айзада Жексеналиева (Жамбыл ауылдық округі), Айнұр Дайрабаеваларға (Мұқыр ауылдық округі) құрмет көрсетті.

Бұдан кейін аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали марапатталған аналарға ізгі тілегін арнап, естелік суретке түсті.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521