{jcomments on}Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны инфекциондық стационардан емделіп шықты, деп хабарлайды төтенше жағдайды қамтамасыз ететін жедел штабы.
Еске сала кетейік, 31 наурызда науқас әйел «короновирустық инфекция» диагнозымен ауруханаға жатқызылған еді. Емдеу басталғаннан кейін дәрігерлер емделушінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Осыдан бір апта бұрын Қызылқоға ауданының 28 жасар тұрғының да жағдайы жақсарған болатын.
- Бүгін, 17 сәуірде пациент инфекциялық стационардан шығарылды, - деп хабарлады жедел штаб. Айта кетейік, Атырау облысының 16 тұрғыны тұрғыны аталмыш дерттен жазылып шықты.