Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Темір тордың артындағы коронавирус: қамауға алынғаннан COVID-19 анықталды

"Covid-19 инфекциясына шалдыққан 25 жастағы атыраулық ер адам бұған дейін уақытша қамау изоляторында жатқан" деп хабарлайды Атырау облысындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Шұғыл штабы.​

Штабтың хабарлауынша, науқас 16 сәуірде инфекционды стационарға ЖРВИ белгілерімен жеткізілген. Қазіргі уақытқа дейін ол Атырау қалалық полиция басқармасына қарасты уақытша қамау изоляторында болған.​ ​

Бүгінгі таңда науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған 7 адам және байланыста болуы мүмкін 20 адам анықталды. Олардың барлығы ПЦР тест сынамаларын тапсырды. Нәтижелері жақын арада белгілі болады" деп нақтылады Штаб.​

Атап өтерлігі, бүгінгі таңда инфекция ошағы оқшауланып, дезинфекция жүргізілуде.​

 

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT