Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық кәсіпкердің жерлестеріне қамқорлығы жалғасуда

Жақында ғана қазіргі әлемді шарпыған қауіпті індеттің алдын алу мақсатында, жерлестеріне 300 000 дана шприц таратқан қызылқоғалық азамат Махмут Мералиев өзінің фейсбук парақшасында:

"Қызылқоғалықтар, ауданда 28 000 адам тұрады. 30 000 блистер парацетамолға ақша төленді. Бәріңізге жетеді. Оны сіздер 1000 теңгеден сатып аламыз деп далақтап шаппаңыздар! 30 000 блистерде 300 000 таблетка бар. Ол әрине барлығыңызға жетеді. Өзім 15 күн ауырғанда 8 таблетка іштім. Облыс әкімшілігі, құқық қорғау мекемелері (кнб, финпол, дэр) бәрі көмектесіп жатыр. 3 күнде келеді. Содан соң сіздерге жергілікті әкімдеріңіз Нұрсұлтан Орақұлы үлестіріп беретін болады. Ал сіздер алыпсатарға жем болмаңыздар. Рахмет! Қазір машинаға тиеп жатыр. Тегін!" - деп жазба қалдырып, аудан тұрғындарына тағы бір мәрте қамқорлық танытып отыр.

Ендеше, Махмут Аташұлының отбасының амандығын тілеп, еселі еңбек тілейміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521