Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялылық Әмина лауреат атанды

 Таяуда Ақтөбе қаласында «TALANTtar Alemi» II Халықаралық шығармашылық байқау-фестивалі онлайн түрде өтті.

Оған Миялы ауылдық округіндегі «Нұр-Шуақ» балабақшасының тәрбиеленушісі Әмина Абай көркем-сөз номинациясы бойынша қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ал, оған жетекшілік еткен «Нұр-Шуақ» балабақшасының жоғарғы санатты тәрбиешісі Эльмира Жақсиева жас жеткіншектерді шығармашылық деңгейде дамытудағы жоғары кәсіби іскерлігінің арқасында алғыс хатпен марапатталып, Солтүстік Кипр еліне 3 күндік демалысқа тегін жолдама берілді.

Тағы бір айта кетерлігі, байқауға Баку қаласынан келген «Әзірбайжан музыкасының тарихы және теориясы» кафедрасының докторанты, «Әзірбайжан Ұлттық консерваториясының «Жалпы Фортепиано» кафедрасының оқытушысы М.Гулиева төрайым болып, жан-жақтан қатынасқан бүлдіршіндердің өнерлерін бағалап, ұстаздардың да еңбегін ескерген.

Нұрсәуле Сүлейменқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521