Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық азамат арақ ішіп, отбасы шырқын бұзды

Жақында аудандық сотта талап қоюшы А.Ж.-ның жауапкер К.М.-мен арадағы некені бұзуды сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы сотқа берген талап арызында, жауапкермен 2018 жылдан бері заңды некеде және арада балалары бар екенін, оның ажырасуына себеп, жолдасының алкоголь өнімін тұтынып, отбасының шырқын бұзумен байланысты екенін, ендігі жерде бірге отбасын сақтап тұра алмайтынын айтып, некені бұзуды сұраған.

Азаматтық-процестік кодекске енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес ерлі-зайыптымен онлайн әңгімелесулер жүргізілді. Тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Келісім бекітіліп, аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Осылайша некелік өмірлерін енді ғана бастап жатқан жас отбасының шаңырағын сақтап қалуға медиация тәртібі зор ықпал етіп, нәтижесінде бір шаңырақ болса да бұзылмай, заңды неке сақталып қалғаны көңілге жылылық ұялатты.

Н.СҮЛЕЙМЕН

Сурет: ашық дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521