Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялылық қос отбасыға құрмет көрсетілді

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013 жылы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйек айының екінші жексенбісін "Отбасы" күні деп белгілеген болатын.

Əрине Отбасы дегеніміз - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы. Сондай-ақ, кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Оған қоса отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі екені даусыз. Осы орайда, Миялы ауылдық округінің әкімі С.Салықов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Жақсиев, аудандық ЖҚӘБ және АХАТ бөлімінің бас маманы С.Жұбаева 50 және одан да көп жыл некеде тұрған отбасыларға құрмет көрсеткен болатын.

Олар 50 жыл бұрын отбасын құрып, қазірде 6 баланы өмірге əкеліп, олардан 13 немере, 5 шөбере сүйіп, тəрбиелеп өсіріп отырған Миялы ауылының тұрғыны Омаров Зинеден Шыңдыбайұлы мен Серғазиева Мұстахиманы және 61 жыл бойы бір шаңырақтың түтінін түтеткен Махамбетов Сисен мен жұбайы Махамбетова Дәмешті құттықтап барды. Қазіргі таңда Сисен атай мен Дəмеш əжей 6 балаға жарық дүние сыйлап, 20 немере мен 21 шөберені тəрбиелеп отырған үлкен бір отбасы.

Осылайша, мерекелерімен құттықтап барған азаматтарға ризашылықтарын білдірген қариялар дəн риза.

Сонымен қатар, Отбасы күнін мерекелеу мақсатында әлеуметтік желілерде «Менің отбасым», «Жас отау иелеріне бата беру» челленджі ұйымдастырылып, аудан өнерпаздары онлайн форматта өнер көрсетті.

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521