Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мобильдік топ Мұқырдағы тойды таратты

Облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің коронавирус инфекциясы індетінің алдын алу бағытында қабылдаған қаулысының орындалысын бақылау мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Жақсиев жетекшілік ететін мобильді топ өткен аптаның сенбісі күні Сағыз ауылында кәсіпкерлік нысандарды аралады.

Шара барысында дүкендерге келген тұрғындарға арақашықтықты сақтау, медициналық бетперде тағу керектігі ескертілсе, сатушыларға талапқа сай медициналық бетперде мен қолғап киіп, тұтынушылар үшін антисептик нысанның кіре берісіне қою, аяқ киімді залалсыздандыратын кілемше төсеу, тұрақты түрде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілу қажеттігі айтылды. Облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15 қазандағы №68 қаулысында отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынғандығы тайға таңба басқандай жазылғанымен, әлі де болса бұл қаулыны елемегендер кездесуде.

Оған тұрғындардың келін түсіру, қыз ұзату, құдалық шақыру секілді шараларды дәлел. Нақтырақ айтқанда, Мұқыр ауылдық округіндегі мобильді топ отбасылық шара өткізіп жатқан үш тұрғын үй иелерін қаулымен таныстырып, тойға жиналған қонақтарды таратты. Сөйтіп, бұған дейін мобильдік топтар ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстарын көбірек жүргізген болса, қазір нақты шараларды қабылдауға кірісті.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521