Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық 29 тұрғын айыппұл төледі

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы міндетін атқарушы Шолпан Асауованың мәліметіне сүйенсек, өткен жылы карантин кезінде 29 той тіркеліп, 1 миллион 28430 мың теңге айыппұл төленген.

Ал, жаңа жылдың алғашқы айынан-ақ 2 той тіркеліп, 87510 теңге айыппұл салынған. Бұл көрсеткіштер елдің әлі де болса ауруға мойынсұнбай, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамай келе жатқандығын көрсетеді. Мейрамханаларды жауып, той-жиынға тыйым салу, айыппұл салу тойшыл қауымға тұсау болмай тұр. «Көлікті ауланың алдына қоймаңыздар, тойға топпен кірмеңіздер, фото және видеоларды әлеуметтік желіге салмаңыздар күмән тудырады, айыппұл салынады» деп тап бір шайқас алаңында стратегия құрғандай, келетін қонақтарға нұсқаулық беретіндерін қайтерсің.

- Қазіргі кезде карантиндік шектеулерге байланысты той жасауға тыйым салынып отыр. Алайда, бізге той басқаруға тапсырыстар 2-3 ай бұрын алдын ала келісіліп, қаражаты төленіп қойғандықтан, біз сол тойды басқаруға міндеттіміз. Той иелерін де түсінуге болады, себебі бұл олар үшін көптен күткен қуаныш, үлкен той. Той бизнесімен айналысатын өнерпаздар да отбасын асырап отырғандықтан, алған тапсырыстардан бас тарта алмайды. Яғни, үйде той жасау үй иесіне де, асабаларға да тиімді болып отыр. Әрине, біз де қауіпсіздікті сақтап, аурудың өршімеуін қалаймыз. Сол мақсатта үй иелеріне той барысында санитарлық талаптар мен қауіпсіздік ережелерін сақтауды айтып жүреміз – дейді миялылық асаба Асылбек Қазиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT