Қазіргі таңда әлемді жайлаған індет кезінде Төтенше жағдай орын алғаны белгілі.
Осы орайда, "Қызылқоға - құтты мекенім" қайырымдылық қоры тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көмекті аса қажет ететін отбасыларға көмек көрсетті. Әрине, қайырымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.
- Ауданға қарасты барлық ауылдық округтер мен олардың елді мекендерін аралап 100 отбасыға азық-түлікпен қатар, күнделікті тұрмысқа қажетті заттары таратылды. Осынау басымызға түскен қиындықты бірге жеңу мақсатында бір-бірімізді қамқорлап, сүйеу болғанға не жетсін?! Сауапты іс жасап жатырған ауылдың қайырымды азаматтары да қарапайым жұртшылық та дән риза. Сондай-ақ, осындай игі іс шараларға атсалысуға, бірге болуға сіздерді де шақырамыз. Бұндай қайырымдылық іс жасау – әрбір азаматтың санасында болуы тиіс деп ойлаймын. Еліміз тыныш болып, жұртымыз аман болсын, көлденең келген кесапаттан сақтасын,-дейді «Қызылқоға-құтты мекен» қайырымдылық қорының төрағасы Ризабек Амантайұлы.
Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ