Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АТЫРАУДА ДИЗЕНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА?

«Antikor.live» жобасы аясында «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Альфия Адиева және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Мамыт Айдос Жанұзақұлы 20 сәуірде тікелей эфирде дезинфекция жұмыстары жөнінде ақпараттандырды.

Спикерлер Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Оспанов Эдуард Айжарықұлы және Атырау қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Қабиев Қайрат Тауфихұлы дезинфекция жұмыстары бойынша нақты атқарылып жатрған іс-шаралар жөнінде талқылады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 2020 жылың 15 наурызындағы №285 жылғы ҚР Төтенше жағдайларды жариялау туралы қаулысына сәйкес республикамызда төтенше жағдай енгізілген болатын. Осыған сәйкес, өңірімізде төтенше жағдайлардың алдын алу, таралып жатырған індеттің алдын алу мақсатында бірқатар шаралар өткізілуде. Мемлекеттік сатып алу заңының бір көзден сатып алу заңына сәйкес негізгі 3 мекемемен келісімшартқа отырылып, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап дезинфекциялық шаралар басталып кетті.

Қала бойынша адам көп жүретін 20 көше белгіленіп алынды. Жаяу жүргіншілер жолы 374 505 шаршы метрді құрайды. Бұдан бөлек қаламыздың кіре беріс және шыға берістерінде арнайы 4 блок бекеттер қойылған болатын. Осы блок бекеттерде санитарлық тазалау яғни, дезинфекциялау шаралары да жүргізіледі. Аталған 3 мердігер компаниялар: «Атырау облыстық дезинфекция» ЖШС, «AG Disinfection servvices» ЖШС, «Profdezcentr» ЖШС-тері өздеріне бөлінген көшені уақытылы залалсыздандыруда. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі тарпынан тұрғындармен қарым-қатынас орнату бөліміндегі 6 маман күнделікті атқарған жұмыстарының сапалылығына, ішіне қосылатын препараттардың мөлшеріне тексеріс жұмыстарын жүргізіп отырады. Одан бөлек қазіргі уақытта дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінің салдарынан қала әкімінің бастамасымен 4 тонна акмахлор алуға келісімшартқа отырылды.

Бүгінгі таңда 2 тоннасы қалаға жеткізіліп, қалған 2 тоннасын жақын арада жеткізу жоспарда тұр. Жаяу жүргіншілер жолы мен блок посттарды дезинфекциялау бойынша 143 аялдамаларды улап, олардан бөлек қолданыстағы қоқыс жәшіктерін улау бойынша демеушілік көрсетуде. Облыс және қала әкімінің бастамасымен көп қабатты тұрғын үйдің есіктері және баспалдақтар, ойын алаңдары және спорттық ойын алаңдары 30 наурыз бен 8 наурыз аралығында 1188 үйдің аулалары толығымен дезинфекция жасалды. Қазіргі уақытта пәтерлердің кіреберістеріне дезинфекциялау жұмыстары басталды. Оны бастап отырған «Батыс өңірлік қолбасшылар» қызметкерлері және арнайы әскери құрамға шақырылған топтар. Біріншісі Нұрсая, екіншісі вокзал маңы мөлтек аудандарынан бастап жатыр. Қазіргі күнде 14-19 сәуір аралығында 301 үйдің подъездеріне толығымен дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Қалада 81 пәтер иелері копаративтері бар. Оның қарамағында 865 үй бар. Олар аптасына тұрғындардың айлық жарнасынан төлейтін қаражатқа аптасына 3 реттен пәтер ішіне дезинфекция жұмыстарын жүргізіп отыр. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары мемлекеттік мекемесінен дезинфекция жұмыстарына 219 миллион 224 мың 764 теңге бөлінді.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521