Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫРАҒЫ ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫНДА

Әлбетте, әр адамның құқығын қорғап, қылмыскерлерді бұлтартпас айғақтармен құрықтауда аудандық Полиция бөліміне қарасты тергеу бөлімшесінің қосар үлесі зор.

Тарих деректеріне көз жүгіртер болсақ, 1953 жылдың 6 сәуірінде қылмыстардың күрделігіне байланысты қылмыс жасаған тұлғалардың іс әрекеттерін толық жан-жақты объективті тергеп, тексеру үшін ҚазССР тергеу қызметі құрылды. Сол құрылған жылдан бастап 43 жыл Атырау облыстық Ішкі істер Департаментіне қарасты аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу саласында Ә.Сарманов, З.Омаров, С.Ахметов және тағы басқа да қызметкерлер қызмет етсе, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитеті құрылып, оның аудандағы жетекшісі А.Қабдолов болды.

Қарамағында тергеушілер М.Шәждиев, С.Тоқмурзин, І.Хамзиндер селі еңбек етіп, қылмыстың ашылуына сүбелі үлестерін қосты. Ал, 1997 жылы аталмыш тергеу комитеті тараған соң, аудандық Ішкі істер бөлімінде тергеу бөлімшесі құрылып, оған аға тергеуші С.Бұлжанов жетекшілік етті. Сонымен қатар, тергеуші А.Исағалиев пен А.Түгелбаев абыройлы қызмет атқарды. Сөйтіп, құқық қорғау саласында өзіндік үлесін қосып келе жатқан тергеу бөлімшесі ауданда қылмыстың азаюына, оның алдын алу жолында қырағылықтарын танытты. Әсіресе, 2000-2008 жылдары тергеу бөлімшесінің бастығы болған С.Бұлжановтың тұсында көптеген қылмыстар ашылып, тергеу ісі дами түсті. Бұл ретте, С.Бұлжановтың жас мамандардың өз ісінің шебері деген атқа лайық болуына зор ықпал етті. Соның бір дәлеліндей, С.Бұлжановтың қарамағында қызмет еткен тергеушілер А.Нұрмағамбетов, М.Балғожиев, М.Құмарғалиев, Ж.Макимовтар С.Бұлжановтың жас мамандарды тәрбиелеудегі тағылымды ісін жиі-жиі еске алып отырады.

2008-2009 жылдары тергеу бөлімшесінің бастығы А.Нұрмағамбетов болса, одан кейін М.Балғожиев (2009-2013 жылдары) пен С.Утемағамбетов (2013-2014 жылдары) басшылық қызмет атқарды. 2014-2016 жылдары қайтадан тәжірибелі маман М.Балғожиев тергеу бөлімшесінің бастығы болып тағайындалды. Оның қарамағында Д.Бұлжанов, Ф.Сариев, Б.Қамысбаев, М.Төлеулер тергеуші болып қызмет етті. Халқымыз «Әке көрген оқ жонар» деген емес пе?! Соған сай, жоғарыда айтқан С.Бұлжановтың ұлы Дархан 2016 жылдан бері тергеу бөлімшесінің бастығы болып жұмыс істейді. Оның қарамағында, аға тергеушісі У.Файзуллин, тергеуші Б.Жауқаш және Қ.Құбайдоллиндер еңбек етіп келеді. Сайып келгенде, әрбір азаматтың құқығын қорғап, қылмыскерлердің құрықталуына зор септігін тигізетін тергеушілердің еңбегі еселі. Ендеше, қырағы қызмет жолында басын қатерге тіккен олар қандай құрметке болса да лайық.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521