Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада той тойлау тоқтар емес

Коронавирус індетінің алдын алу, таралуына жол бермеу бағытында қаншама түсінік жұмыстары жүргізіліп, шаралар қабылданып жатқанымен әлі де бұл індеттің қауіпті екенін елемей жүрген тұрғындар кездесуде.

Жақында, Жасқайрат ауылындағы мобильді топ кезекті рейд кезінде отбасылық шара ұйымдастырған екі тұрғынды анықтады. Демалыс күнін тиімді пайдаланғысы келген олардың бірі қызын ұзату, бірі келін түсіру қуаныштарына ағайын-туыс, құда-жекжат, көршілерін шақырып, сарайларында ұлан-асыр той жасаған. Тосыннан барған мобильді топ мүшелеріне үй иелері «Алғашқы қуанышымыз болғасын атап өтіп жатқанымыз. Көп адам шақырған жоқпыз» деп ақталып жатты.

Алайда, заң барлығына ортақ болғасын учаскелік полиция инспекторы үй иелерінен түсініктеме алып, басқа да құжаттарды жинақтап аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдады. Сондай-ақ, қыркүйек айында аудандық білім бөлімі басшысының бұйрығымен құрылған мониторинг топ аптасына үш рет аудандағы білім беру ұйымдарын тексеріп отыр. Бұл ретте аудандық білім бөлімінің басшысы Өтепберген Әділовтің түсіндіруінше, мұндағы мақсат – пандемияның алдын алу бағытында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын тексеру.

– Барлық мектептерде келген адамдардың медициналық бетперде тағып кіруін қадағалап, қызуын тексеріп, оны тіркеп отыратын қызметкер бар. Егер мұғалім немесе қызметкерлер тұмауратып қалса, және басқа да сырқат белгілері білінсе дереу дәрігерге қаралуға жіберіледі. Оқушыларға да солай. Тексеруге білім бөлімінің басшысы немесе мамандары топ мүшелерімен бірге шығып жүр. Егер түрлі себептермен ауданнан мониторинг топ бара алмай қалса, округтегі мобильді топ тексеріп отыр. Әзірге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған ешкім жоқ, - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Өтепберген Әділов.

Ауру айтып келмейді десек те, оның алдын алу – өз қолымызда екендігін түсінетін кез жетті.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521