Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ардагерлер "Сарайшыққа" сəттілік тіледі

«Атырау-Ақпарат» медиа-холдингінің баспасөз клубында жаңа республикалық журналдың таныстырылымы өтті. Атырау журналистикасына еңбегі сіңген ардагер-қаламгерлердің қатысуымен өткен басқосуда алғашқы сөз кезегін жаңа басылымның бас редакторы Исатай Балмағамбетов алды. Ол жақында алғашқы саны жарық көрген республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық журналының мазмұн-мақсаты, бағыт-бағдары, алдағы жоба-жоспарлары жайлы әңгімеледі. Өткен бейсенбіде Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында тұсауы кесілген басылым беттерінде түрлі тақырыптағы жарияланымдарға орын беріліп, оған ел көлемінен авторлар тартылып, материалдар тартылатынын айтты. Алдағы уақытта оның мазмұнды да мәнді болып шығуына кездесуге келіп отырған қаламгерлерді атсалысуға шақырды. Жалпы алғанда, айына бір рет жарық көреді деп жоспарланған журналдың алдын-ала жасақталып бекітілген тұжырымдамасы бар. Соны негізгі бағыт ретінде ұстап, оқырмандардың ұсыныс-пікірлері негізінде басылымның бет-бейнесін жақсартып, Соңынан сөз алған аға буын өкілдері қоғам өміріндегі жарқ еткен жаңалық пен жақсылықтың жаршысы болып, жұртқа жеткізіп жүрген журналистердің қызметіне, серіктестік, қала берді аймақ басшылығының көмек-қолдауымен іске асқан игі бастамаға құтты қадам, «Сарайшыққа» сәттілік тіледі. Журналдың ұлт руханиятының қалыптасуына өлшеусіз үлесін қосар ортақ құндылық пен қазынаға айналарына сенімділіктерін білдірді. Д.АРУЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521