Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шалқарбай шашасына шаң жұқтырмады

Атырау қаласында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Қалың елім, қазағым...» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен аламан айтысқа еліміздің әр түкпірінен 24 ақын қатысып, екі күн бойы мұнайлы астананы жырмен көмкерді. Аталмыш додада облыс намысын қорғаған жерлесіміз Шалқарбай Ізбасаров жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, нәтижесінде жүлделі екінші орынмен қоса 750 мың теңге байрақпен марапатталды. Айтыстан кейін Шалқарбайдың өзімен хабарластық.

Ол:

– Елімізде қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты көптен бері айтыс өтпей, аламанды сағынып қалыппыз. Сондықтан шығар осы айтыстың жөні бөлек болды. Қатысушы ақындардың барлығы да жоғары дайындықпен келген. Өз жерімізде болып жатқандықтан біз де намысты қолдан бермеуге тырыстық. Алғашқы айналымда нұрсұлтандық Еркебұлан Қайназаровпен айтысқанда елдік мәселелермен қоса Атыраудың экологиялық ахуалын айтып, өз ұсынысымызды жырмен жеткіздік. Ақтық сында Тараз қаласынан келген Алтынгүл Қасымбековамен жеңге мен қайын іні айтысын жасап, көрермен көңілінен шыға білдік. Жалпы алғанда айтыс өз дәрежесінде өтті. Қолдап-қолпаштаған барша жанкүйерлерге алғыс айтамын, – деген пікірін білдірді.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521