Кеше, яғни 11 маусым күні кешке таман Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылынан 25 шақырым жердегі Ойыл өзеніне жасқайраттық 1972 жылғы ер адам арнайы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кетіп, қайғылы оқиға орын алды.
Іздестіру жұмыстарына аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және 1 техника мен жергілікті тұрғындар атсалысты. Нәтижесінде, сол күні сағат 19.30-да суға батып кеткен адамның денесі табылып, жағаға шығарылды. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталмақ.
Жаз айы басталғалы аудан бойынша 3 адам суға кетіп, шаңырақтары қара жамылды.
Осы орайда, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына суға шомылу кезіндегі қауіпсіздікті қатаң сақтау ескертіледі.