Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада 20 өрт оқиғасы тіркелді

Былтырғы жылы аудан бойынша 20 өрт оқиғасы тіркелді.

Тұтанулар мен өрттерді талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай, өрттің 70 пайызы адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан және оны білмеуінен болып отыр. Осы тұста, өрт болған жағдайда дереу өрт туралы кезекшіге хабарлай отырып, не жанып жатқанын (пәтер, шатыр, жертөле, жеке тұрғын үй немесе басқа) қысқаша және нақты сипаттап, мүмкіндігінше өрттің шамамен алаңы мен мекен-жайын (елді мекен, көше атауы, үй, пәтер нөмірі), өз аты-жөні мен телефон нөмірін, адамдардың, жануарлардың, сондай-ақ көрші ғимараттар мен құрылыстардың өміріне қауіп төнгенін хабарлау қажет.

Егер телефоныңыз болмаса және үй-жайдан шығуға мүмкіндік болмаса, терезені ашып, өтіп бара жатқан адамдардың назарын айқайлап аударғаныңыз абзал. Өрт туралы барынша көп адамдарды хабардар етуге тырысыңыз. Егер мүмкіндік болса, адамдарды, жануарларды, материалдық құндылықтарды құтқару шараларын қолданған дұрыс. Мұны тез және үрейсіз жасау керек. Бірінші кезекте балаларды құтқарады. Есіңізде болсын, қорқыныштан, олар жиі төсек, үстел, шкаф және тағы да басқаларының астына жасырынады. Өрт кезінде түтін оттан да қауіпті болуы мүмкін. Адамдардың көпшілігі оттан емес, тұншыққандықтан өледі. Түтінді бөлмеден шығу кезінде, басыңызды еденге жақын ұстап шығуға тырысу керек. Өйткені түтін ауадан жеңіл, ол жоғары көтеріледі және төменгі жақта әлдеқайда аз.

Қатты түтінді бөлмеден шығу кезінде, қабырғаларды ұстаған жөн. Сондай-ақ, терезелер мен есіктердің орналасуы бойынша бағдарлауға болады. Түтіндеу аймағы арқылы эвакуациялау кезінде дымқыл мата арқылы дем алу ләзім. Адамдарды құтқарғаннан кейін қолда бар өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіштер), оның ішінде қолда бар құралдармен (көрпе, су, құм және т.б.) өртті сөндіруге және мүлікті эвакуациялауға кірісуге болады. Егер сіз ерте кезеңде жануды жеңе алмасаңыз, алдын ала өрт сөндірушілерді шақырмай, өз бетімен жалынмен күресуге үзілді-кесілді тыйым салынады. Өртті өз күштерімен сөндіру мүмкін болмаған жағдайда көрші үй-жайларға, ғимараттар мен құрылыстарға, жанғыш заттарға өрттің таралуын шектеу шараларын қолдану шарт. Осы мақсатта жанып жатқан үй-жайлардың есіктері жану аймағына оттегінің кіруін болдырмау үшін жабылады. Өрт сөндіру техникасы келгеннен кейін оны қарсы алып, өрт орнын көрсету қажет. Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау - бұл сіздің игілігіңіздің, сіздің өміріңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтаудың кепілі. Өрт сөндіруден гөрі алдын алу оңай!

Әділхан ДАСТАН,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері,

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT