Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өрт шығуына себеп болуы мүмкін

Аудандық №10 Өрт сөндіру бөлімі қазіргі кездегі қиын кезеңде тез арада оңалуды тілеп, осы қарбалас шақта түсіністік танытып тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді.

Денсаулық сақтау объектілерінде ем алып жатқан уақытта темекі шегуге және алкоголь өнімдерін қолдануға қатаң тыйым салынады. Электр желісін шамадан тыс салмай, қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмаған дұрыс. Тек ақаусыз электр құралдарын пайдалану керек. Электр жылыту құралдарының (электр плиталары, үтіктер, шәйнектер) астына жанбайтын және жылу өткізбейтін тіреуіштерді орнату қажет. Розеткаларда, ажыратқыштарда, шамдарда ақау байқалса, оларды дереу токтан ажыратып, ақауды жою үшін арнайы мамандарды шақыру ләзім.

Есіңізде болсын, электр желісіне көп қуатты бірнеше электр аспаптарын бір уақытта қосу оның шамадан тыс жүктелуіне алып келеді. Және өрттің себебі болуы мүмкін. Эвакуация жолдарында заттар мен дүние мүлікті орнатпау қажет. Аэрозоль баллондарын ашық оттың жанында пайдаланбаңыз. Үй-жайында қатты газ иісі бар болса, жарықты қоспаңыз және өшірмеңіз. Өрт шыққан жағдайда дереу 101 телефоны бойынша өртке қарсы қызметті шақырыңыз. Өртті сөндіру бойынша дербес шаралар қолданбаңыз. Себебі, – жіберілген уақыт оның таралуына әкеп соқтыруы мүмкін. Осы жолғы сынақты ел болып еңсеретінімізге сенім білдіре отырып, Сіздің өміріңіз бен жақындарыңыздың өмірі сіздің қолыңызда екенін еске саламыз!

Жамбыл ҚОСЫМБАВ,

аудандық №10 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521