Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда облыстық аурухананың медбикесі COVID-19 індетінен айықты

Инфекциялық стационардан медбикемен қоса, 18 жасар жігітте айығып шықты, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Бүгін, 23 сәуір күні Атырау облысында коронавирустан тағы екі адам жазылды. Аурудан айыққандардың бірі, облыстық аурухананың 37 жастағы медбикесі және 18 жастағы жергілікті тұрғын.

Екеуіне жасалған ем-шарадан соң, тест нәтижесі Covid-19 жоқ екенін көрсетіп, олар инфекциялық стационардан шығарылды.

23 сәуір сағат 13.00-де келтірілген мәліметтерге сәйкес, инфекциялық стационарда - коронавирус жұқтырған 51 науқас, провизорлық стационарда - ЖРВИбелгілері бар 16 адам, карантиндік стационарда - 103 жергілікті тұрғын бар. Ал, 2843 адам үй карантинінде жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз