Жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында және апаттылықтың жай-күйін талдау үшін 2022 жылдың 05-11 желтоқсан күндері аралығында «Автобус» өңірлік жедел алдын алу шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері Қызылқоға ауданы бойынша жолаушыларды тасумен айналысатын қоғамдық көліктерінің жүргізушілері арасында жолда жүру ережелерін қатаң сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстарын, сонымен қатар, жолға шыққанға дейінгі авто көліктердің техникалық жай-күйін және жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуі мен олардың уақытылы демалып, жұмыс режимін сақтауы тексеріледі.
Қ.ХАМИТ,
Қызылқоға ауданы ПБ
ЖПҚб ППТ-ның
қызмет аға инспекторы
полиция аға лейтенанты