Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды міндеттелген еді. Бұл тұжырымдаманы іске асыратын мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары – қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару болып табылады.
Халыққа қызмет ету барысындағы адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті.
Мемлекеттік қызметшінің бір ғана кәсібилігі мен біліктілігі, білімі жеткіліксіз, одан өзге оның жеке мінезқұлық мәселесі, әдептілігі және бар. Яғни, кәсібилік пен әдептілік қосылып, біртұтас мемлекеттік қызметшінің имиджін көрсетеді.
Бұл тұрғыда, мемлекеттік қызметші ең алдымен қарапайым болуға, көркем мінез бен әділдіктің, шыншылдықтың жарқын үлгісі болуға тиіс.
Жалпы, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен жаңа редакцияда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің бойында моральдық-адамгершілік қасиеттерді сіңіруге бағытталған.
Бұл ретте, сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және мемлекеттік қызметтерді көрсетуде ашықтық қағидаттары мемлекеттік қызметшілердің жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсетіп, өзінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, халықтың сұранысына сай қызмет көрсетуді талап етеді және мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және төрешiлдiк көрiнiстерге және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау талабы қойылады.
Мәселен, мемлекеттік қызметшілер өздерінің өкілеттіктеріне жатпаса да, қоғаммен байланыс кезінде қандай да бір шараларды атқару бойынша құқыққа сыйымсыз уәде берулері мүмкін. Бұл ретте, аталған шаралар оның өкілеттіктеріне жатпағандықтан шараларды атқара алмай, уәдесінде тұра алмау ықтималы бар.
Бұл жағдай, қоғам тарапынан мемлекеттік қызметтің имиджіне деген негізді сын туындауына, мемлекеттік қызметке деген сенімнің төмендеуіне әкеліп соғады.
Бұдан басқа, егер қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметшінің жасаған құқықбұзушылықтары әдептілік стандарттарын сақтамаумен сипатталса тәртіптік жазаға тарту мәселесі қаралуы мүмкін.
Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуы керек, оның сырт келбеті ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуға тиіс.
Әрине, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган, Әдеп жөніндегі уәкілдер, сондай-ақ қоғам тарапынан да мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін бақылау әлі де жалғасуда.
Осы тұста мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік деңгейіне оң әсер тигізіп, әдеп қағидаттарына бағытталған мінез-құлықтарын нығайтуда, сыбайлас жемқорлықтың жоғарғы мәдениетін қалыптастыруда Әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі орасан зор деуге болады.
Бұл бағытта 2016 жылдан бастап мемлекетік қызмет аппаратында Әдеп жөніндегі уәкілдер институты құрылып, үздіксіз қызмет атқарып келетіндігі белгілі. Бүгінгі күнде Атырау облысында 3000-ға жауық мемлекетік қызметшілер болса, 20-дан астам Әдеп жөніндегі уәкілдер қызмет етуде.
Әдеп жөніндегі уәкілдер өз қызметін мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалар, Әдеп кодексіне сәйкес жүргізеді және Әдеп кодексінде айқындалған қағидаттарды мемлекеттік қызметшілер арасында кеңінен дәріптеуі тиіс.
Сонымен бірге, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер тиісті мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдеріне әдеп нормаларына жанаспайтын әрекеттерға қатысты мәселесімен жүгіне алады.
Қорыта айтқанда, әрбір мемлекеттік қызметші заңнамада көзделген талаптарды түпкілікті ұғынып, бар ынтасымен түсінуі қажет және өзіне артылған жауапкершілікті адал орындап, жүктелген функцияларды тиімді атқарса, қоғамның мемлекеттік билікке деген сенімін нығайтуына өз септігін тигізері сөзсіз.
А.ЕНСЕГЕНОВА,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі