Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоға аудандық білім бөлімінде жаңа басшы

ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 26.08.2020 ЖЫЛҒЫ №91 БҰЙРЫҒЫНА СӘЙКЕС ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ӘДІЛОВ ӨТЕПБЕРГЕН ҚАЛЫБАЙҰЛЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Әділов Өтепберген Қалыбайұлы 1976 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау Мемлекеттік Университетін «тарих және құқық пәндерінің мұғалімі», 2007 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетін «Заңгер бакалавры» біліктіліктері бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 2000-2012 жылдары Жалпы білім беретін № 9 орта мектепке мұғалім, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2012 жылдың желтоқсан айы мен 2018 жылдың тамыз айы аралығында Жалпы білім беретін № 9 орта мектептің директоры қызметтерін атқарған.

2018 жылдың тамыз айынан бастап Сағыз орта мектебінің директоры қызметін атқарған. 2019 жылдың қарашасынан Сағыз ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарған 2007 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Отбасылы, екі баласы бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521