Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық мамандар ұлығыланды

30 тамыз – тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше күн! Мемлекеттік мереке. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.

Биыл ел тірегіне айналған Ата заңымызға 25 жыл толып отыр. Бүгін аудан әкімі Н.Бисембиев Конституция күні мерекесі қарсаңында Қызылқоға ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына және өңірдің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосып жүрген азаматтарды “Қазақстан Конституциясына 25 жыл” мерекелік медалімен марапаттады.

Тәуелсіз, дербес ел жағдайындағы мемлекетімізді, адами, азаматтық құқықтарымызды, билік тармақтарының өкілеттілігін бекіткен Ата Заңымыз 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданған болатын. Содан бері бұл күн Президент Жарлығымен мемлекеттік мереке ретінде тойланып келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT