Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Кеше «Арман» мәдениет үйінде «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Аталмыш шараға тұрғындарға құқықтық көмек көрсету бағытында адвокаттар, прокурорлар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Полиция департаментінің өкілдері, Атырау облысы Әділет департаменті, Кәсіпкерлер палатасы, заңгерлер, сот орындаушылары, нотариустар және мемлекеттік орган басшылары қатысты.

Алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев: 
30 мамыр күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен « Халық заңгері » жалпы республикалық акциясы өткізілуде. «Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алды. Сіздерге халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, мәселелерді шешу жолында жасаған істеріңізге алғыс білдіремін! - деді.
Шара барысында, ауданға қарасты барлық округ тұрғындары келіп, 5 0 - ге жуық тұрғын көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды . Олардың көпшілігі тұрғын үй, жұмыспен қамту және несие жөніндегі мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. 
Ғ.Сланов атындағы орта мектебінде тазалықшы болып қызмет етемін. Өзім көпбалалы, «Алтын алқа» иегерімін. Бүгінгі ауданда ұйымдастырылып жатқан акцияға тұрғын үй мәселесі бойынша келдім . Былтыр үйдің құжаттарын Атырау қаласына апарып тапсырғанымда қолыма тұрғын үйімді апатты деп танып, апатты үйдің кезегінде елуінші болып тіркелдім. Содан бері, аудан әкімінен бастап барлық мекеме қабылдауларында болдым. Алайда, барлығы бір жауаппен «Кезек күтесіз» деген жауаппен шығарып салды. Бүгін, міне заңгерлердің келетінін естіп, сұрағыма жауап алуға келдім. Әрине, заңгер Лена Бисенова маған сауатты жауап беріп, телефон нөмірімді ала отырып, бұл мәселе тұрғысында облыс әкіміне бірге құжат тапсырып, биылдан қалмай үйлі болуға көмектесетіндерін айтты. Оларға алғысым шексіз. Алдағы уақытта да осындай шаралар жалғасын таба берсін демекпін, - деді Тайсойған ауылдық округінің тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Орынгүл Отарова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521