Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Алимент төлемеген әкелер әкімшілік жазаға тартылды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу үшін алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамаған азамат А.Т. мен Р.Б.-ға қатысты – 2 әкімшілік іс бір күнде қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушылар кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу үшін айлық табысының және өзге де кірісінің тиісті мөлшерінде алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамаған. Сот отырысында, құқық бұзушылар хаттамада көрсетілген мән-жайларды растап, алимент төлеуден жалтармайтындарын, қазіргі таңда жұмыссыз жүргендерін, сол себепті алимент төлей алмағандарын, алдағы уақытта жұмысқа орналасып, сот актісін тиісті түрде орындайтындарын айтып айғақ келтірді.                 ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамауы жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.  Сот қаулыларымен, құқық бұзушылар А.Т. және Р.Б. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 3 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Қызылқоға аудандық сотының

баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521