Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Автопарк өкілдерімен кездесті

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов кездесу барысында "Әділетті Қазақстан - Адал азамат" концепциясы туралы ақпарат берді.

Еске сала кетелік, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің лауазымы Қазақстан аумағында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ уәкiлдiң атына ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың құқықтарын қорғаудағы қол жетімділігі мақсатында құрылған.

Адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру, өңірдегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ынталандыру және ілгерілету мақсатында мемлекеттік билік органдарына, құқық қорғау және сот органдарына жүгіну жөнінде кең өкілеттіктер берілген.

Өкілдерге Қазақстан Республикасының азаматтары және оның аумағында орналасқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар немесе олардың өкілдері жүгіне алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521