Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тракторды тіркеу қалай жүзеге асады?

Ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының қозғаушы күштерінің бірі екені мәлім. Соның ішінде агробизнес пен мал шаруашылығы тікелей техниканың көмегімен дамитын салалар.

Осы орайда, аудан шаруагерлерінің назарына тракторларын тіркеу қалай жүзеге асатынын түсіндіргенді жөн көрдік. Құжаттарды қабылдау жергілікті атқарушы органдардың кеңсесі, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен бюджетке мемлекеттік баж төлейді. Мемлекеттік баж мөлшері: машинаға техникалық паспорт бергені үшін – 50 пайыз, тіркеу (қайта тіркеу) үшін – 25 пайыз, машинаға мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергені үшін – 100 пайыз. Мемлекеттік қызметті алу үшін сіз қызмет көрсетуші болып табылатын ауыл шаруашылығы бөліміне немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай құжаттар топтамасын тапсыруыңыз қажет.

Тіркеу үшін алдымен ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) порталға тіркеліп, өтініш толтырып, сұратылған құжаттар топтамасын сканерлеу арқылы көшірмелерін енгізген дұрыс. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген мөлшерде көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, оларды қайта тіркегені үшін немесе мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алымдар, машинаның тiркеу құжаты және нөмiрлiк белгiсi үшiн мемлекеттiк баждың төленгенін растайтын түбіртек енгізіледі. Шарттың (сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарызға беру) түпнұсқасы немесе көшірмесі, соттың шешiмi немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар немесе мәміленің қарапайым нысаны, ал шаруа (фермерлік) қожалықтарын қоспағанда, жеке тұлғалар арасында жасалған мәміле жағдайында – мәміленің қарапайым нысаны арқылы жүзеге асырылады.

Ал, жаңа және қолдан құрастырылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген машиналарды тіркету үшін Қазақстан Республикасының берген сәйкестiк сертификаты немесе оның қауiпсiздiк техникасының белгiленген талаптарына сәйкестiгiн растайтын басқа да құжат және мемлекеттік кіріс органы куәландырған тауарға арналған декларациясының қөшірмесі (кедендік декларация) ұсынылады. Егер мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасында бұрын мемлекеттiк тiркеуде болған машина ұсынылса, онда тіркеу пунктіне жоғарыда көрсетілген құжаттармен бірге бұрынғы тіркеу құжаттары ұсынылады. Алайда аталған құжатты ұсынбау мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды. Меншік иелері болып табылмайтын тұлғаларға машиналарды мемлекеттік тіркеуді қоса алғанда, тіркеу іс-әрекетін жүзеге асыру үшін тіркеу іс-әрекетінің бастамашылары жеке және заңды тұлғаларға белгіленген құжаттардан басқа тіркеу пунктіне шарттардың (жалға беру, қосалқы жалдау, лизинг, сублизинг, кепiлге беру және басқалар) және машинаны қабылдау-беру актiсiнің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн немесе машинаға иелену құқығын растайтын өзге де құжатты ұсынады.

Жеке және заңды тұлғалардың аукциондардан және сауда биржаларынан сатып алған машиналарын тіркеу, тіркеу пункттеріне уәкілетті адамның қолы және мөрімен расталған аукционның хаттамасын және сату-сатып алу шартын ұсынғаннан кейін жүргізіледі. Машиналарды тіркеген (уақытша тіркеген), қайта тіркеген, есептен шығарған кезде қажетті құжаттар тіркеу пунктіне ұсынылады.

Қазбек АЙЫПҚАЛИЕВ,

аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521