Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Техникалық көмекші құралдар қалай беріледі?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 22 қаңтар 2015 жылғы №26 бұйрығына сәйкес Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету қағидаларына сай төмендегідей құралдар ұсынылады.

Сурдотехникалық құралдар – есту кемістіктерін түзетуге және олардың орнын толтыруға арналған байланыс құралдары мен ақпарат беруді күшейтетін техникалық құралдар. Яғни, бейнекомпьютерлер, көп функционалды дабылды жүйелер, телефакстер, мәтіндік хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондар, саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар, коклеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары. Оларды ауыстыру мерзімдері 5 жыл, есту аппараттары Ұлы Отан соғысына қатысушыларға пайдалану мерзімдері - 3 жыл, мүгедектер үшін – 4 жыл.

Тифлотехникалық құралдар – мүгедектердің көру кемістігі салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзету және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар. Яғни, сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук, оқу машинасы, Брайль жүйесі бойынша жазу құралы, дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефон, дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейер, нашар көретін адамдарға арналған сағаттар, сөз шығаратын термометр, сөз шығаратын тонометр, тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр 5 жылдан бұрын ауыстырылмайды. Тифлотаяқ, Брайль жүйесі бойынша жазу грифелі 2 жылдан бұрын ауыстырылмайды. Көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері 5 жылдан бұрын ауыстырылмайды.

Рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз 1500 парақ мөлшерінде 1 жылдан кем болмайтын мерзімге беріледі. Брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал, Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе мүгедекке бір рет өмір бойына беріледі. Міндетті гигиеналық құралдар - несеп-жыныс жүйесі бұзылған мүгедектер үшін несеп қабылдағыштар, ішек ауруы бар мүгедектерге нәжіс қабылдағыштар, тірек қозғалысы аппаратының бұзылушылығы бар мүгедектерге жөргектер беріледі. Ол өтініш жасаған айдан бастап жылға беріледі. Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші құралдар мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментіне өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.

Гүлмира ӨТЕУҒАЛИЕВА,

аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар

және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521