Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауданның даму көрсеткіші қандай?

Биылғы жылдың 1 сәуірдегі деректер бойынша, аудандағы халық саны 30634 адамды құраса, қаңтар-наурыз айында туғандар саны - 163 адамды, тіркелген өлім саны - 36 адамды құрады.

Ал, қаңтар-наурызда келгендер - 163 адам, кеткендер - 305 адам. Биылғы жылғы I тоқсанда орташа айлық атаулы жалақы 263412 теңгені құраса, бұл былтырғы жылғы сәйкес тоқсанға қарағанда 17,6 пайызға артық. Ірі және орта кәсіпорындарда 368550 теңгені құрап, 15,1 пайызға өсті. Биылғы жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2701 миллион теңгені құраса, бұл 2019 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 79,2 пайыз болып тұр. Ал, осы жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 1018,9 миллион теңгені құраса, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 10,6 пайызға кем. (салыстырмалы бағада).

Сол сияқты биылғы жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 25248 миллион теңгені құрап, 2,3 пайызға жоғарылады. Сонымен қатар, ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы өнімінің көлемі 2773 миллион теңгені құрап, былтырғы жылдың аталмыш кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға өсті. Биылғы жылдың 1 мамырына ауданда барлық шаруашылық санаттары бойынша мүйізді ірі қара саны 32501 бас, қой мен ешкі 164333 бас, жылқы 16242 бас, түйе 1843 бас құраса, аудан бойынша биылғы жылдың қаңтар-сәуірінде шаруашылықтың барлық санаттарында (тірілей салмақпен) 3890,7 тонна ет, 3310,6 тонна сүт, 65,4 мың дана жұмыртқа өндірілді. Сол сияқты осы жылдың қаңтар-сәуірінде құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 638 миллион теңгені құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 51,3 пайыз болып тұр.

2020 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 4287 шаршы метр, нақты көлем индексі – 78,7 пайыз, пәтерлер саны 28 бірлік болса, тіркелген заңды тұлғалар саны биылғы жылғы 1 сәуірге 176 бірлікті, осы кезең ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 148 бірлікті құрады. 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 1370 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,4 пайызға өсті. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 72 пайыз, шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 4 пайызды, шаруа немесе фермер қожалықтары – 24 пайызды құрады.

Файзада САУҒАБАЕВА,

аудандық Статистика басқармасының басшысы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521