6 сәуірден бастап Теңіз кен орнының вахталық кенттеріне 3000 – нан астам бала эвакуацияланды, олардың көпшілігі-оқушылар.
Қашықтықтан оқуды жалғастыру үшін, вахталық кенттерге тиесілі мердігер компаниялар эвакуацияланғандарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етті.
Бұл қадам балалардың эвакуация жағдайында да оқуды жалғастыруына мүмкіндік береді. Құлсары тұрғыны Назым Қалдыбекова 6 сәуірде балаларымен бірге Теңізге көшірілді.
Бастапқыда ол "балаларым мектеп бағдарламасынан артта қала ма" деп алаңдаған. Қазір ол оқу процесі үшін алаңдамайды.
- Таңертең, таңғы астан кейін балалар бірден үстелге отырып, оқуға кіріседі. Жақсы интернеттің арқасында платформада ешқандай проблема жоқ, - дейді Назым Қалдыбекова.
"Aspar Kashagan" ЖШС жатақханаларында 200-ден астам бала тұрады. Олардың көпшілігі мектеп оқушылары және қазіргі жағдайға байланысты олар қашықтан оқып жатыр.
- Мектеп жасына дейінгі балалар үшін еріктілердің көмегімен компания аумағында ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырамыз. Бұл балаларға қауіпсіздік пен жайлылықты сақтай отырып, уақытын көңілді өткізуге мүмкіндік береді, - деді "Aspar Kashagan" ЖШС операциялық менеджері Салтанат Сүлейменова.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы t.me/ insta/