Жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов атаулы әлеуметтік көмек төлемдеріне өзгертулер енгізілетіні туралы айтып, көңілімізді бір серпілтіп тастады.
Бұл жағымды жаңалық мені ғана емес, өзім секілді көп балалы аналар үшін де жақсы жаңалық болды деп есептеймін. Өйткені, бұған дейін атаулы әлеуметтік көмек төңірегінде бірқатар түсінбестік жайттар орын алып, дау-дамайдың туындағыны жасырын емес. Отбасыға келетін кірістерді есептегенде азғантай теңгенің асып кетуінен қаржыға мұқтаж көптеген отбасында әлеуметтік көмектен қағылған жағдайлар болды. Енді, бұл төлем отбасының кірісіне байланысты болмайды. Ол елдегі барлық көп балалы отбасыларға төленеді. Бұл мұқтаж отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан шынайы қолдау деп түсінгеніміз жөн.
Сондықтан, әлеуметтік көмекті бәріне бірдей тағайындау өте дұрыс шешім деп есептеймін.
Айдана БЕКМАҒАНБЕТОВА,
көп балалы ана
Миялы ауылы
Сурет: ашық дереккөзден