Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ОРТАҚ ДИАЛОГ ҚАЛЫПТАСУ КЕРЕК

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауы екі айға жуық уақыт өтсе де ел арасында әлі де қызу талқыланып, қолдау табуда.

Бұл Жолдауда мемлекет басшысы бірқатар мәселелерді айта келіп, ең бастысы заман талабына сай тиімді мемлекет құру керектігіне тоқталды. Ол өз сөзінде «Біз саяси реформаларды асығыстыққа салынбай, керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып жүзеге асыратын боламыз. Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес.

Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз» деп заман талабына сай жұмыс жасайтын мемлекеттің механизмдеріне тоқталды. Ол үшін азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру керек. Сол мақсатта президент Үкіметке бірқатар тапсырмалар тапсырды. Сондай-ақ, Жолдауда айтылған басты міндеттердің бірі - билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату. «Диалог орната отырып, азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек.

Осы мақсатпен біз белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрдық. Бұл кеңес ротациялық тәртіппен жұмыс істейді» деді президент. Яғни, жаңадан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі бұқараның үнін билікке жеткізіп, ортақ диалогтың қалыптасуына өз септігін тигізетін болады.

Еңсеген ӘБИ,

ардагер ұстаз

Жангелдин ауылы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT