Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Таза қоршаған орта – ортақ міндет

«Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы аясында еліміздің барлық аймағында игі бастамалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – Зинеден ауылында өткен сенбілік шарасы. Бұл акция ауыл тұрғындарының, сондай-ақ округтегі барлық мекеме қызметкерлерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

 

Сенбілік барысында әр мекеме өз аумағында санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізіп, көше бойлары мен бос жатқан жерлер тазартылды. Ауылды көркейту мақсатында жиналған тұрмыстық және басқа да қалдықтар арнайы белгіленген орындарға тасымалданып, экологиялық талаптарға сай жойылды. Бұл тек тазалықты сақтау шарасы ғана емес, сонымен бірге тұрғындардың туған жерге деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.

 

 

Осындай бастамалар ауыл келбетінің ажарлана түсуіне, жастардың табиғатты аялауға деген көзқарасының қалыптасуына оң ықпал етеді. Сонымен қатар бұл жұмыстар қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді.

 

 

Ұйымдастырушылар мұндай сенбіліктерді алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғастыруды көздеп отыр. Себебі таза ауыл – тұрғындардың денсаулығы мен өмір сапасының кепілі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT