Мемлекет басшысы Жолдауда ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект пен спутниктік мониторинг жүйелерін енгізу мәселесіне тоқталды.
Бұл – агросектордың тиімділігін арттырудың және ғылыми негізделген шешім қабылдаудың заманауи жолы. Жердің сапасын, егіннің шығымдылығын, дәнді-дақылдардың жай-күйін терең талдау арқылы аграрлық процестерді нақты деректерге сүйене отырып басқаруға мүмкіндік туады. Мұндай тәсіл еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, шығынды азайтып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсартуға жол ашады. Жалпы, ауыл шаруашылығында заманауи технологияларды кеңінен қолдану – елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, экономикалық өсімге серпін беретін маңызды бағыт деп есептеймін.
Жексен ҚАПЕЗ,
ардагер