Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес

Мемлекет басшы¬сының биылғы сәуір айындағы «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде: «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек.

Өйткені «Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз», деген сөзінің мағынасы терең. Президенттің пікірінше, ойдың да, бойдың да, қоршаған ортаның да тазалығын сақтау – әр адамның ішкі мәдениетінің көрсеткіші. Сондықтан тазалық халқымыздың болмысына сіңген қасиет болуы қажет.
Шын¬туай¬тында, біз – тазалықты ежелден қастер тұтқан жұртпыз. Қоғамдық санада тазалық пен адалдық қатар тұратын егіз ұғым болып қалыптасқан. Маңайы көң-қоқыстан ада, іші де мұн¬таздай таза үйлердің еңбекқор иеле¬рі қашанда көпшіліктің шынайы құрметіне ие. Ал «Қолы таза азамат» деген сөз – адамның адалдығын білдіретін мінездеме.
Бүгінде «Таза Қазақстан» эколо¬гия¬¬лық жобасы жалпыұлт¬тық қозғалысқа айналып отыр. Оған бір жыл ішінде 9 млн отандасымыз атсалысқаны, оның 448 мыңы ерікті екені – соның айға¬ғы. «Таза Қазақстан» – таза¬лық сенбі¬лік¬терін өткізумен шектел¬мейтін, ауқы¬мы кең бағдар¬лама. Мәселен, «Таза өлке» апталы¬ғында елді мекендер тұрғын¬дары, әр¬түрлі ұйым мен кәсіп¬орын қызметкерлері іргелес аумақ¬тар мен аулаларды тазартты.
«Кие¬лі мекен» апталығында тарихи-мәдени ескерткіштердің аумақтары абат¬тандырылды. «Жасыл аймақ» апта¬лы¬ғын¬да кө¬шеттер отырғызылып, ағаштар әктелді. «Өнегелі ұрпақ» апталығында жас¬тар ардагерлердің үйлерінің аулаларын тазаласып, қарттар үйлерінің аумақтарын абаттандыруға атсалысты. «Мөлдір бұ¬лақ» апталығында өзен-көлдердің айналасы қоқыстан тазартылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT