Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 405 іс-шара өтті

Жыл басынан бері елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 400-ден астам іс-шара өтті.

Оған 1 миллион 400 мың адам қатысқан, оның 82 мыңы ерікті жастар. Нәтижесінде 121 мың тоннадан астам қалдық жиналып, 584 мың гектар аумақ тазартылса, 1 миллион 700 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, халықпен кері байланыс орнату мақсатында Telegram-да чат-бот іске қосылған. Қазірге дейін жүйеге 18 322 өтінім келіп түсіп, оның 16 907-сі орындалды. Ең белсенді қолданушылар — Алматы, Астана және Түркістан облысының тұрғындары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT