Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Атырау жастарымен кездесті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуымен жастармен кездесу өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, өңірлік жастар ұйымдарының көшбасшылары, жас ғалымдар мен студенттер қатысты. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жолдары жан-жақты талқыланды.

Жиында белсенді жастар өз бағыттары бойынша баяндама жасады. Мәселен PhD докторы Мақсот Рахметов жасанды интеллекттің қоғамдағы орны туралы сөз сөйлесе, жас маман Жанерке Мұстахим «ЭкоКампус» жобасы аясындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын таныстырды, сонымен бірге «Жастар рухы» ұйымының Атырау облыстық филиалының төрағасы Абылай Құрметұлы өңірлік жастар қозғалысының белсенділігін баяндап, «Сенатор» дебат клубының жетекшісі Аружан Ренатқызы пікірсайыс мәдениетінің дамуы туралы ой бөлісті.

Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының ыстық сәлемін жеткізе отырып, IV Ұлттық құрылтайда айтылған 53 тармақтан тұратын нақты тапсырмаларға тоқталды. Кеңесші бұл тапсырмалардың іс жүзінде орындалуы үшін еліміздің бірнеше аймағына іс-сапармен барғандығын атап өтті.

-    Ел Президенті Ұлттық құрылтайда ғылым және білім салаларына көңіл бөлу керектігін айтты. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті еліміздің белгілі оқу орындарының қатарында. Бұл университетте білім алу — үлкен мәртебе. Мемлекет басшысы жас ғалымдардың дамуына, идеяларын жүзеге асыруына барлық жағдайды жасауда. Әрбір университет үлкен көлемдегі ғылыми жобаларды іске асырып отыр. Сонымен қатар Президент жас ғалымдармен жыл сайын кездесу өткізіп отырады. Жақсы адам болып, маман ретінде әлсіз келсе, нәтиже шықпайды. Яғни, жастар жақсы білім алып, кәсіби маман болуға тырысу қажет.Сондықтан сіздерге таудай талап, үздіксіз ізденіс пен қайтпас жігер тілеймін, - деді ол.

Кездесу барысында жастар көкейкесті сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT