Аудан орталығынан шалғайда жатса да елдегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмайтын тайсойғандықтар да таңмен таласа Ғ. Сланов атындағы орта мектепте орналасқан №154 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауда.
Сайлау учаскесінің төрағасы Сексенбай Өрбісіновтың айтуынша ауылда барлығы 491 сайлаушы тіркелген.
Сағат 16:00-ге дейін 201 сайлаушы келіп, дауыстарын берген. Сайлаушылырдың ең жасы – 18 жастағы Нұртөре Аққали болса, ең үлкені – 78 жастағы Амандық Табылдиев. Бұдан бөлек сайлау комиссиясының мүшелері ауылдық округке қарасты 10 қыстақты аралап, тұрғындардың дауысын жинауда.
Д.МӘТЖАН