Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ерлі-зайыпты мемлекеттік қызметшілер дауыс берді

Еліміз бойынша өтіп жатқан аса маңызды саяси науқанда аудан тұрғындары ерекше белсенділік танытуда.

18 жастағы студенттен бастап 98 жастағы зейнеткерге дейін өз таңдауын жасаған сайлауда ерлі-зайыпты жұптар да бірге келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Солардың бірі – екеуі де мемлекеттік қызметкер болып жұмыс жасайтын Қазбек пен Гүлжиһан.

Олар Миялы ауылдық округінде орналасқан №144 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

– Бүгін ел болашағын айқындайтын ерекше күн болғандықтан біз де жанұямызбен келіп, дауыс беруді жөн көрдік. Бұл біздің жұбайлық өмірдегі бірге келіп таңдау жасап отырған үшінші сайлауымыз. 2017 жылы кезектен тыс өткен Қазақстан Республикасы Парлменті мәжілісі сайлауына келсек, былтырғы жылы президент сайлауына барып, дауыс бердік, – дейді отағасы Қазбек Айыпқалиев.

Отбасында екі қыз тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылар осылайша болашақ ұрпақтың жарқын болашағы үшін өз таңдауларын жасады.

Д. МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521