№164 сайлау учаскесіне Соркөл, Сарқұмақ елді мекендеріндегі 103 адам мен екі қыстақта тұратын 6 адам дауыс беруі тиіс.
Дауыс беру басталғанда сайлау учаскесіне ұйымшылдықпен келген Сарқұмақ елді мекені тұрғындары бюллетендерінен қалаған партияларын белгілеп, дауыстарын берді.
– Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей алаңдауымыз керек. Сондықтан сайлауға немқұрайлы қарамауға тиіспіз. Жасым 80-ге келсе де мен ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін. Тәуелсіз еліміздің әр отбасына береке-бірлік тілеймін, - дейді соркөлдік қарт ана Ләмлакул Қылышова.
Сайлау учаскесінің төрағасы Алшын Омаровтың айтуынша, түске дейін сайлаушылардың 80 пайызы сайлауға қатысты. Үш байқаушы қатысқан сайлауда заң бұзушылық болған жоқ.
Бауыржан САҚТАСИНОВ
Суретте қарт сайлаушы Т.Балғынбаев