Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сумен қамтылу мəселесіне тоқталды

Бүгінгі Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде өткен кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі жеті міндетті (мұнай-газ саласын, автомобиль жолдарын дамыту, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау жүйесін нығайту, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан зиянды заттар шығарындыларын азайту, аймақты тұрақты энергиямен және ауыз сумен аймақты сумен қамтамасыз ету) атап өтті.

Соның ішінде өңірді сумен қамтамасыз ету туралы Мемлекет басшысы «Су – аймақтың орнықты дамуы үшін қажетті басты ресурстың бірі.

Алайда, Жайық өзені қатты тартылып, оның экологиялық ахуалы күннен күнге нашарлап барады. Бұл мәселе онсыз да ауыз суға мұқтаж болып отырған жергілікті тұрғындарды толғандырып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер де үлкен қиындықтарға тап болып жатыр» деді. Шындығында Жайық өзені секілді Ойыл өзенінің екі жылдан бері тасымай, арнасының құрғап қалуы салдарынан ауданда экологиялық ахуал қалыптасып отыр. Әрі жыл өткен сайын тұрғындардың ауыз суға мұқтаждығы арта түспесе кемімей тұр. Өйткені тасыған өзен суымен толығып тұратын жерасты суы жыл өткен сайын деңгейі төмен түсіп келеді. Өңір халқының бір бөлігі мен мұнай өндіретін компаниялар «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырынан ауызсу алып отыр. Бүгінде бұл су құбырының тозығы жеткен.

Бұл ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырын қайта жаңғыртуға қатысты тапсырма берді. Сондай-ақ, әлі күнге дейін ауылдарды таза ауызсумен қамту толық аяқталмағандығын, облыс бойынша 30 ауылға ауызсу жетпегендігін тілге тиек еткен Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдікке бұл мәселені алдағы екі жылда толық аяқтауды міндеттеді. Президенттің тапсырмасы орындалса аудан тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі шешімін табатыны сөзсіз.

Серік ТАУМАН,

Қызылқоға ауылдық бастауыш

ардагерлер ұйымының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521