Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Дәрігер тапшылығы басты назарда

Бүгін Мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, онда біраз мәселені талқылап, өңірдің тыныс-тіршілігін, тұрғындардың әл-ауқатын әрдайым жіті назарда ұстайтынын атап өтті.

Онлайн форматта өткен кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Коронавирус індеті қайтадан өршіп, эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады.

Бұл ретте, аймақтың ерекшелігін ескеріп, еңбек ұжымдарындағы ахуалға назар аудару керек. Облыс кәсіпорындарында апта сайын індет ошағы пайда болуда. Сондай-ақ, індеттің жаңа толқыны келгеннен бері жағдайы ауыр және өте ауыр науқастар көбеюде. Олардың саны соңғы бір айда екі есеге артты. Ал, емдеу мекемелерінде қажетті дәрі-дәрмек пен құрал жабдықтар әлі де жеткіліксіз екені анықталып отыр. Бұл ахуал адам өлімінің күрт өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Білікті мамандардың тапшылығы да жағдайды ушықтырып отыр. Облыста 207 дәрігер жетіспейді. Соның ішінде, ауылдық жерлерге 52 дәрігер қажет» деді.

Шындығында, қазіргі өңірдегі жағдай күрделеніп барады. Ауырып жатқандар күн сайын көбеюде. Бұл жақсы нәрсе емес. Сондықтан, сақтық шарасы басты назарда болу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұдан бөлек вирустың өршіп тұрған шағында індетті жеңудің ең тиімді жолы – вакцина салу екенін үнемі айтылып келеді. «Біз қазір халықтың жаппай вакцина алуын ұйымдастыруымыз қажет. Бұл жұмыста ірі кәсіпорындар басты назарда болуға тиіс. Мұнай компаниялары қызметкерлерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге айырықша мән беріңіздер» деді Президент өз сөзінде.

Қазіргі таңда вакцина тұрғысында түрлі пікірлер айтылып жүр. Халық арасында үміттен күдік басым. Сол себепті түсіндіру жұмыстары қолға алынса деймін. Кеңес отырысында Президент облыс басшылығына емдеу мекемелерін дәрі-дәрмекпен және медициналық құралмен қамтамасыз ету, дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешу міндетін жүктеді. Бұл өз кезегінде қазіргідей індеттің өршіп тұрған шағында қолға алыну керек шара деп білемін.

Балбибі ИСЖАНОВА,

Денсаулық сақтау саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521