Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Басты мəселе - жұмыспен қамту

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі өткізген кеңесінде қазіргі таңға дейінгі Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі мен алдағы жоспарлары талқыланды.

Президент көтерген мәселенің бірі – облыс тұрғындарын жұмыспен қамту болды. «Қазіргі таңда Атырау облысындағы тұрмыс деңгейі еліміздің өзге өңірлеріне қарағанда жоғары. Орташа жалақы 358 мың теңге, бұл – жалпы республикалық көрсеткіштен 1,6 есе жоғары. Дегенмен, мұнда жүзеге асырылып жатқан «Болашақта кеңею жобасы» жақында аяқталады. Алдағы үш жылда 55 мың адам жұмыстан босайды. Облыс әкімі оның 31 мыңын еңбекпен қамтуды жоспарлап отыр.

Бұл Атырау облысының ғана міндеті емес екенін еске саламын. Жоба аясында вахталық тәсілмен өзге аймақтардың тұрғындары да жұмыс істеп жүр» деп Президент Үкіметке жұмыстан босатылатын барлық жұмысшыларды біртіндеп еңбекпен қамту мәселесін пысықтауды тапсырды. Бүгінде жұмыссыздар санын азайтып, халықты белгілі бір кәсіппен айналысуға жұмылдыру басты мақсат екені ақиқат. Өйткені, жастардың жұмыссыз бос сандалып жүруінен қоғамда жат ағымдар мен әдеттерге еріп кетіп, арты қайғылы жағдайға душар болып жатқан жағдайлар көптеп кездесуде.

Қазіргі дамыған нарық заманында кәсіпкерлікпен айналысу – жұмыссыздықты болдырмаудың бірден бір ұтымды шешімі болмақ. Біздің ауданымызда да өз кәсібін бастап, халық игіліне қызмет етіп жатқан кәсіпкерлер баршылық. Кеңес соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жалпы, өңірдің даму барысын және барлық мәселелердің уақтылы шешілуін өзім тікелей бақылауда ұстаймын. Менің тапсырмам бойынша Атырау облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кешенді жоспардың жобасы дайындалды» деген сөзінен облысымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсартатынын ескерсек, бұл кеңес үлкен үміт пен болашаққа деген нық сенімді оятып отыр.

Ақтоты Тасжанова,

аудандық халықты жұмыспен қамту

орталығы директорының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521