Атырау облыстық Полиция Департаментінің фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланған мәліметке сүйенсек, кеше, яғни 15-ші сәуір күні кешкі сағат 19:05 шамасында «Hyundai Accent» көлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қаладағы Орталық көпірден түсіп келе жатып, Азаттық-Абай көшелері бойындағы бардюр мен су бұрқағына соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алғандар жоқ. Осы орайда, 1992 жылы туған көлік жүргізушісіне қатысты іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолдануда.