Қазіргі таңда елдегі барлық электр энергиясының басым бөлігін көмір электр стансалары береді. Осындай жағдайда бізге сенімді және қауіпсіз энергия көзі қажет.
Атом энергетикасы осы мәселені оң шешуге мүмкіндік береді.Сондықтан да энергетика мәселесін шешуде оның маңызды тұстарын ескергеніміз абзал. Бұл жөнінде ел басшысы өзінің жолдауында кеңінен тарқатып айтты. Соған сәйкес, 6 қазанда жалпыхалықтық референдум өткізу жоспарланды. Бұл ел дамуына жол ашатын ең басты кезең деп білемін.
Асылбек МҰРАТОВ,
«Миялы мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы