Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Соттан тыс дау қалай реттеледі?

Өткен аптаның жұмасы күні аудандық соттың ұйымдастыруымен «Еңбек дауларын сотқа дейін бейбіт жолмен реттеудің тиімділігі» тақырыбында кездесу өтті.

Оған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықов, «Атырау облысының билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Қызылқоға ауданы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Құмар Хасанов, Миялы ауылдық округі бойынша кәсіби емес медиатор Ғайни Аққалиқызы, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Елемес Олжабаев қатысты. Алдымен сөз алған аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Айдын Байназаров:

– Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде табыс көзінен айырылған тұлғалардың тиісті санаттары бекітіліп, оларға 42 500 теңге әлеуметтік төлем төленді. Еліміз бойынша аталмыш әлеуметтік төлем 4,5 миллионның үстінде адамға беріліп, бірқатар адамдардың өтініштері қанағаттандырылмай, бас тартылды. Осыған байланысты олар сотқа арызданып, жүгіне бастады. Бірақ мұндай талаптар қазіргі уақытта сотта қарауға жатпайды. Ол үшін соттан тыс дауды реттеу тәртібі бар. Бұл ретте, мемлекет тарапынан берілген әлеуметтік төлемге қатысты, кәсіпкерлер арасында туындайтын және коммуналдық төлемдерге қатысты және басқа да туындаған еңбек дауларын билер кеңесі, медиаторлар арқылы сотқа жеткізбей шешу қажет, - деді.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықовтың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдай кезінде халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында әлеуметтік төлем төлеу жөнінде берген тапсырмасына орай, аудан бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асыру жөніндегі аудандық штаб құрылды. Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылғандарға төленетін 42 500 теңгені алуға 5042 өтініш түсіп, оның 4881-і қанағаттандырылса, 8 адамның реквизиті қате болып, штаб отырысының шешімімен 153 адамға тағайындаудан бас тартылды. Ал, азық-түлік себеті мөлшері көлеміндегі 5567 теңге төлемі атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі 6-18 жас аралығындағы 384 балаға, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектігі бар 1091 адамға, 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 118 балаға, мүмкіндігі шектеулі балаларды күтуші 151 ата-анаға және ресми тіркелген 1497 жұмыссызға төленді.

– Төтенше жағдай біткеннен кейін өтініштері қанағаттандырылмаған адамдар қайтадан өтініш немесе шағымдар берген жоқ. Телефон арқылы немесе «Телеграм» әлеуметтік желісі арқылы неге тимей қалғандығын сұрағандарға, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Егер өтініш берген жағдайда өтініштері штаб отырысында қайта қаралады, - дейді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықов Бұдан кейін сөз алған аудандық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Елемес Олжабаевтың түсіндіруінше, елімізде төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлердің жұмыстарына шектеу қойылғандықтан едәуір қиындық туындағаны ретімен шешімін тапты.

Атап айтқанда, жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлер өтініш беру арқылы қызметкерлеріне тиесілі әлеуметтік төлемдерін алса, 40 кәсіпкерден несиелерін кейінге қалдыру жөнінде өтініштер беріліп, барлығы да қанағаттандырылды. Азық-түлік, дәрі-дәрмек таситын кәсіпкерлер қажетіне қарай қалаларға қатынап тұрды. Кәсіпкерлер тарапынан төтенше жағдайға байланысты шағымданулар болмады. Жиын барысында пікір білдірген облыстық билер кеңесі қоғамдық бірлестігі Қызылқоға аудандық жұмыс тобының жетекшісі Құмар Хасанов пен кәсіби емес медиатор Ғайни Аққалиқызы төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем ала алмағандар тарапынан әзірге ешқандай арыз-шағымдар түспегендігін тілге тиек етіп, бұған дейін отбасы жағдайына, коммуналдық төлемдерге қатысты, еңбек және басқа да даулармен алдарына келген адамдарға ақыл-кеңестерін айтып, сотқа жібермей шешкендерін жеткізді.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521