Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялылық түлектердің туған жерге тартуы

Қасиетті Рамазан айы туғалы ауданымызда жақсылық жасап жарысушылар саны күн сайын артуда.

Соның ішінде Миялы ауылының 1983 жылы туған азаматтарының жасаған игі ісі көпшіліктің көңілінен шығып, халық алғысына бөленді. Олар мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай аудан орталығындағы суы мол әрі тұщы деген бес құдыққа күрделі жөндеу жасады. Халық арасында «Тас құдық» аталып кеткен бұл құдықтар көп жылдан бері күтімсіз, жан-жағы құлап, сиқы кетіп тұрған еді. Ауыл азаматтары сол құдықтардың қоршау мен есігін салып, су алатын жерін тегістеп, қақпағына дейін жаңартты. Ауылда ауызсу уақытпен беріле бастағаннан бері тұрғындар күнделікті тұтынатын суларын аталмыш құдықтардан алуды әдетке айналдырды.

img_7374

Осы орайда, құдықтарға жөндеу жұмыстарын жасауда дәнекерлеуші Думан Қарабасов пен Абдолла Сатымбайдың да еңбегін айта кеткен жөн. Ауылдың 1983 жылы туған азаматтары мұнымен шектелмей алдағы уақытта ауыл ішінен тағы осындай бірнеше құдық қазып, тұщы су көзін көбейтуді жоспарлап отыр. Ендеше, қасиетті айда игілігі мол іс жасаған азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521