Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚОЛДАУҒА ТҰРАРЛЫҚ БАСТАМА

Мемлекеттің дамуы мен өркендеуі оның экономикасы мен өндірісіне емес халқының тұрмыс-тіршілігімен өлшенетіні белгілі.

Бұл мақсатта елімізде әлеуметтің әлеуетін жақсарту бағытында бірқатар іс-шаралар жасалып, бағдарламалар қабылданып жатыр. Соған сай, жақында Нұр-Сұлтан қаласында өткен үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бұдан былай көп балалы отбасыларға табыстарына қарамай жәрдемақы берілетінін және халықтың аз қамтылған топтарына қосымша көмектер тағайындалатынын атап өткен болатын.

Оның айтуынша, жаңа жылдан бастап табысы аз отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына арналған әлеуметтік пакет жасалады. Әлеуметтік пакетте балалар тағамы, гигиеналық заттар, балалардың ой-қимыл жүйесін дамытқыш құралдар бар. Ал 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп формасы, жолақысы төленіп, мектепте тегін тамақ беріледі. Табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекет кепіл берген тегін медициналық көмек көрсетіледі. Осылайша жаңа заң жобасы біраз отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартып, тұрмысын түзейді деген сенімдемін.

Ендеше, үкіметтің бұл бастамасына қолдау білдірумен қатар, алғыс айтамыз.

Кәмшат ӘБІШ,

көп балалы ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521