Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сот саласында соны серпін

Биылғы жылдың тоғыз айындағы аудандық соттың жұмысын қорытындылап, атқарылған жұмыстар мен істердің сотқа түсу көрсеткіштерін саралау барысында, «Қызылқоға» газетінің бас редакторы Б.А.Сисеновтың қатысуымен онлайн брифинг өткізілді.

Онда алдымен сөз алған аудандық сот төрағасы А.Б.Досмағамбетова:

– 30 қазанда Атырау облысы соттарының биылғы жылдың 9 айында атқарған жұмыстары бойынша қорытынды жиналыс өткізіліп, облыс соттарының барлық бағытта атқарылған жұмыстары сараланды. Атырау облыстық сотының төрағасы Б.Т.Жұмағұлов ауданға жасаған сапарын баяндай келіп, біздің ұжымның жұмысына оң бағасын берді. Әсіресе, аудандық соттағы замануи форматта жабдықталған ақпарат орталығын, сот ғимаратының тазалығын, дауларды сотқа дейін реттеу және Билер Кеңесі мен медиаторлардың жұмысын ұйымдастыру, халықпен тығыз байланыса отырып соттың ашықтығын жүзеге асыруда атқарылған іс-шараларды ерекше атап көрсетті. Жалпы, тоғыз айдағы істердің сотқа түсу деңгейі мен сот төрелігі сапасын арттыру жұмыстарына тоқталсақ, есепті мерзімде қылмыстық істердің сотқа түсуі, былтырғы жылмен салыстырғанда 31,8 пайызға артса, керісінше азаматтық істердің сотқа түсуі 16 пайызға, әкімшілік істер 39 пайызға төмендеді. Бұл жерде атап өтетін жағдай, 9 айға азаматтық істердің сотқа түсу деңгейі азайғанмен, татуласу рәсімдері қолданылып аяқталған азаматтық істер, былтырғы жылмен салыстырғанда төмендемей, бір қалыпты деңгейді сақтап тұр. Мәселен, былтыр осы мерзімде татуласу мен медиациялық келісімге келген азаматтық іс саны – 20 болса, биыл да сол көрсеткіш, - деді.

Брифинг барысында, аудандық сот төрағасы аудандық соттың жұмысы елімізде жарияланған төтенше жағдай, карантиндік және сақтық шаралары кездерінде де бір сәтке тоқтамағандығын, азаматтар мен заңды тұлғалар өз талап-арыздарын, өтініштерін, сот жүйесіндегі озық технологияны пайдалана отырып, «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы жолдап, есепке алынып, сот отырыстары онлайн түрде True Conf, WhatsApp желісі арқылы тоқтаусыз қаралып, шешімін тауып отырғандығын айта келіп, жақында өткізілген Қазақстан Республикасы Судьяларының VIII съезінде көтерілген мәселелер мен заңнамадағы өзгерістерге кеңінен тоқталды.

Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521