М.Досмұхамбетов: Атырауда қоршаған ортаны қорғау өзекті мәселеге айналды

Махамбет Досмұхамбетов өңірдің экологиялық ахуалы талқыланған кеңесте мұнай-газ компанияларын қоршаған ортаны ластауды доғаруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау – мұнай-газ саласы қарқынды дамыған аймақ. Алайда, қоршаған ортаны қорғау өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе, мұнай-газ саласындағы ірі өндірістік кәсіпорындардың атмосфералық ауаға лас шығарындыларын азайту, күкірт, тағы да басқа мұнай қалдықтары иісінің таралуын болдырмау шараларын алу, тұрғындарға қолайлы жағдай туғызу – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Облыстық Экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхамбетовтің мәліметінше, биыл Атырау қаласының атмосфералық ауа сапасынан 56 сынама алынып, 331 тексеру жүргізілген. Былтырғы 9 айда қоршаған ортаға 164, 90 мың тонна қалдық тасталса, биылғы көрсеткіш 115,60 мың тоннаны құраған.

«Биылғы 1 қарашада жүргізілген мониторинг кезінде «АМӨЗ» ЖШС құбырынан «Сасық сай» булану алаңына тасымалдайтын каналға мұнай өнімдері араласқан сулардың төгілгені анықталды. Аталған дерек «АМӨЗ» ЖШС-нің биологиялық тазарту қондырғысындағы ақауларға байланысты сарқынды судың құрамындағы мұнай өнімдері мен басқа да ластаушы заттардан дұрыс тазаланбауы салдарынан орын алған»,- деді Әлібек Бекмұхамбетов.

Махамбет Досмұхамбетов «АМӨЗ» ЖШС басшылығына «Сасық сай» булану алаңының зауытқа қатысты бөлігін қалпына келтіруге жедел кірісуді тапсырды.

«Атырауда ауаға жағымсыз күкірт иісінің таралуының негізгі себебінің бірі мұнай өңдеу зауытының кәріздік су тазарту қондырғыларының қалыпты жұмыс істемеуінен екені ешкімге жасырын емес. Кәріздік сулар құрамында жоғары дәрежеде мұнай қалдықтарының болуы құзырлы органдар тарапынан әлденеше рет анықталған. Бұл жерде айыппұл төлеп құтылу жеткіліксіз, халықтың денсаулығын айыппұлмен түзей алмайсыз», - деп қатаң ескерту жасады өңір басшысы.

Дереккөз: inform.kz

 

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика